"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туберкулез диагностикасы

Қазақстандағы туберкулез жағдайы Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес балаларға БЦЖ вакцинасы туғаннан кейін 2-4 күндері (перзентханада) және 6 жаста (1 сыныпта) салынады. Вакцинаны ерте салудың бірден бір себебі Қазақстан эпидемиологиялық қолайсыз ел. Мемлекетімізде аурушаңдық көрзеткіші 20 науқасқа 100 мың тұрғын көрзеткішінен жоғары, соған сәйкес ДДҰ жаңа туған сәбилердің барлығына БЦЖ салуды ұсынады. Бұл вакцина балаларда туберкулездің ауыр түрде өтпеуін алдын алады. Себебі аурудың ауыр дәрежесі, 5 жасқа дейінгі балаларды өлімге немесе мүгедектікке алып келеді. Манту және ТРА («Диаскинтест») жайлы Бұл не? Манту — туберкулинді сынама ТРА — Туберкулезді Рекомбинантты Аллергенді сынама (бекітілген атауы – «Диаскинтест»). Бұл екі сынама бала организімінде туберкулез микобактериясы бар екенін анықтау үшін қажет. Бұл сынамалардың негізгі ерекшелігі – тері ішіне туберкулиннің өте аз мөлшерін (Манту) немесе туберкулезді рекомбинантты (ТРА) аллергенді енгізіп, тек жергілікті реакцияны шақырумен көрініс береді. https://egu.kz/mantoux
Жаңартылған күні: 28.09.2022 09:49
Құрылған күні: 28.09.2022 10:33

Текст