Текст
6 ақпанда Тельман ауылының жалпы орта мектебінде,дене шынықтыру апталығы аясында 4-5 сынып оқушылары арасында пионерболдан жарыс өтті. Жарыс барысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М. Скороход қадағалады. 5 сынып оқушылары жеңіске жетті. Жарыстың барлық қатысушыларына одан әрі де жеңістер тілейміз!