Текст
17 қазан күні Halyk Bank қызметкерлері «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 9–11 сынып оқушыларымен Zoom платформасы арқылы танымдық кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушылар банктік қызметтерді қауіпсіз пайдалану қағидалары, қаржылық сауаттылықтың маңызы және жеке қаражатқа жауапкершілікпен қарау туралы мол мағлұмат алды.
Мамандар қаржылық алаяқтық тақырыбына ерекше назар аударып, кең тараған алдау тәсілдері, жеке деректерді қорғау жолдары мен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсіндірді.
Кездесу еркін сұхбат түрінде өтті. Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өздерін және жақындарын алаяқтардың әрекеттерінен қорғауға көмектесетін тәжірибелік кеңестер алды.