Текст
"Наурызнама" жоспары аясында 2025 жылдың 18 наурызында "Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мұражайында 7-11 сынып оқушылары арасында асық ойыны – "Наурыз party" ойын-сауық іс-шарасы өтті.
Қазақтың дәстүрлі асық ойынына негізделген "Наурыз party" іс-шарасы оқушыларды мәдени байытуға, Наурыз мерекесімен танысуға, ептілікті, дәлдік пен стратегиялық ойлауды дамытуға, мерекелік атмосфераны құруға және дәстүр мен мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.