"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көңілді математика» шығармашылық шеберхана

16 қазанда «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігі аясында «Көңілді математика. Геометриялық пішіндерден аппликация» тақырыбында шығармашылық шеберхана өтті.

Бұл тәжірибелік сабақтың мақсаты – геометриялық пішіндерден композиция жасау арқылы оқушылардың кеңістіктік ойлауын, көз мөлшерін, зейінін және қолдың ұсақ моторикасын дамыту, сондай-ақ пішіндер, түстер мен олардың қасиеттері туралы білімдерін бекіту, қиял мен ұқыптылықты арттыру болды.

Балалар пішіндерді қиып, жабыстырып, түрліше үйлестірді. Іс-шара барысында негізгі геометриялық пішіндер (шаршы, шеңбер, үшбұрыш, тік төртбұрыш және т.б.) туралы викторина өткізілді. Сонымен қатар, қайшы мен желімді қолдану ережелері еске түсірілді. Келесі кезеңдерде материалдарды дайындау, композиция жасау және жапсыру жұмыстары жүргізілді.

Балалар жағымды эмоция алып, өз жұмыстарымен өте риза болды.


Текст