Ұрпақтар сабақтастығы: 8 Наурызға арналған шығармашылық шеберхана
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде«Ұрпақтар сабақтастығы»жобасы аясында шығармашылық шеберханасы өтті.Сегізінші сынып оқушылары даярлық сыныбының бүлдіршіндеріне тәлімгер болып,олармен бірге аналар мен әжелеріне арналған әдемі қолөнер бұйымдарын жасауды үйретті.
Жоғары сынып оқушылары өз білгендерімен қуана-қуана бөлісіп,кішкентай бүлдіршіндерге ашық хаттар мен кәдесыйларды қиюды,желімдеуді,безендіруді үйретті. Бірлескен жұмыс барысында жылы да мейірімді атмосфера орнап,шығармашылық пен қамқорлыққа толы уақыт болды.
Мұндай іс-шаралар әртүрлі жастағы оқушылар арасындағы достық байланыстарды нығайтуға, мейірімділікке,қамқорлық пен бір-біріне құрметпен қарауға үйретеді. Барлық қатысушылар тамаша көңіл-күй алып,ең қымбат жандар-аналары мен әжелеріне өз қолдарымен жасалған жүрекжарды сыйлықтарын сыйлап қуантты!