Текст
2025 жылдың 17-19 наурызы аралығында Щучинск қаласында Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің базасында «IQanat»олимпиадасының ІІ кезеңі өтті. Олимпиаданың басты мақсаты – елдегі ауылдық жалпы орта білім беретін мектептердің оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету,сондай-ақ ауыл оқушыларының мотивациясын арттыру.
Біздің мектептен бұл олимпиадаға 8-сынып оқушысы Фуярова Наиля белсенді қатысып,І кезеңді сәтті еңсерді. Екінші кезеңде қатысушылар өздері таңдаған пән бойынша сынақ тапсырды.Біздің оқушымыз математика пәнін таңдады.Наиляға жоғары нәтижелерге жетуіне тілектеспіз!