Текст
Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы.
Мектепке даярлық сыныбының балалары партаға отырып, өздерін «нағыз оқушы» ретінде сезіне бастайды. Партамен өткізілетін ойын түріндегі сабақтар оқуға жағымды көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Балалар мектеп – жаңа дүниелерді білуге болатын орын екенін түсінеді және олардың танымдық қызығушылығы артады.