"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Информатика

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

ЕСЕП

Информатика апталығы

(20.01.25-24.01.25)

Жауапты:

Алиева Л.С.

"Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 2025 жылдың 20 қаңтары мен 24 қаңтары аралығында информатика және цифрлық сауаттылық пәндік апталығы өтті.

Жоспарға сәйкес,20 қаңтарда информатика апталығының ашылуы өтті. Пәндік апталық аясында "Алғашқы компьютерлерден заманауи технологияларға дейінгі жол" тақырыбында презентация ұсынылды, сондай-ақ информатика туралы қызықты фактілер стенді ресімделді, балалар алда болатын викториналар мен конкурстармен танысты.

https://www.instagram.com/p/DFC8tjft4fy/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

 

Информатика апталығының 21 қаңтарында "Сандар мен кодтар ойыны"атты сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді. Іс-шара 8-11 сынып оқушылары арасында викторина түрінде өтті. Балалар сұрақтарға белсенді жауап берді, өздерінің білімдерін көрсетті,жасырылған сөздерді тапты, математикалық әрекеттер арқылы сандарды ашты, белгілі ғалымның тегін тапты, Морзе кодын пайдаланып хабарламаны ашты.

Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, тапқырлықтары мен шығармашылықтарын көрсетті.Әр дұрыс жауап үшін командаларға ұпайлар беріліп отырды.

Іс-шара көңілді және танымдық түрде өтті, балалар өздерінің білімдері мен ақпараттармен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Барлық қатысушылар тәттілермен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

https://www.instagram.com/p/DFFynvitO9f/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 22.01.2025 ж. жоспары бойынша информатика және цифрлық сауаттылық апталығын өткізу аясында "Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ география және информатика пәнінің мұғалімі Алиева Л.С. 5-сыныпта "Робототехниканың тарихы мен болашағы"тақырыбымен ашық сабақ өткізді.                                                                 

 Сабақта оқытудың әртүрлі әдістері қолданылды: оқушылар жұппен және жеке жұмыс істеді,сонымен қатар компьютерлерден ақпарат іздеді. Жұмыстың бұл түрі белсенді қатысуларын, логикалық ойлауларын,жеке дара жұмыстары мен зейіндерін дамытуға үлкен ықпал етті.                                                                       

Балалар процеске белсенді қатысып, тақырыпқа өщ қызығушылықтарын танытып, алған білімдерін бекітті.Сабақ жемісті өтті.Сабақтың мақсатына қол жеткізілді.

 

 

https://www.instagram.com/p/DFIBnGVNI5C/?utm_source=ig_web_copy_link 

Информатика және цифрлық сауаттылық апталығы аясында "Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Фотомонтаж" фотобайқауы өтті, балалар фотобайқауға белсенді қатысып, фотосуреттерді редакциялау және монтаждау бойынша өз дағдылары мен қолдарынан не келетінін көрсетті, қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DFUvLabtY1A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Сондай-ақ, информатика және цифрлық сауаттылық апталығы аясында "Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Цифрлық қиял" атты қолөнер көрмесі өтті.Балалар қиялдарындағы қолөнер туындыларын жасап,өздерінің қиялдарының ұшқыр екенін көрсетті.

 

https://www.instagram.com/p/DFUxSCuNlAZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Информатика және цифрлық сауаттылық пәндік апталығының соңғы кезеңі апталықтың жабылуы және "Фотомонтаж" фотосуреттер байқауының қорытындысы, сондай-ақ "Цифрлық қиял"қолөнер көрмесі болды. Оқушылардың үздік жұмыстары іріктеліп алынып, балалар қатысқаны үшін грамоталарға және тәтті сыйлықтарға ие болды. Жалпы, пәндік апталық сәтті өтті, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді, балалар көптеген жаңа және қызықты ақпараттарды білді.

 

https://www.instagram.com/p/DFU2h6kNKpS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Жаңартылған күні: 13.02.2025 13:40
Құрылған күні: 13.02.2025 13:40

Текст