Текст
19 мамырда "Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Атбасар қаласының Аграрлық-жеке колледжі"МКҚК өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараға 9, 10 және 11 сынып оқушылары қатысты.
Кездесудің мақсаты жоғары сынып оқушыларын оқуға түсу шарттарымен, мамандықтармен, колледждің материалдық-техникалық базасымен, сондай-ақ оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу перспективаларымен таныстыру болды. Колледж өкілдері оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, студенттік өмір туралы айтып берді.