Ұйымдар тізімі
Тақырыбы: «Қауіпсіздік сабағы: Электр құралдары»
Мектепалды сынып пен шағын орталық арасындағы сабақтастық бағдарламасы аясында тұрмыстық электр құралдарын қауіпсіз пайдалану тақырыбында танымдық әңгіме ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балаларды электр құралдарымен, олардың қызметі және пайдалану ережелерімен таныстыру болды. Бұл мақсат сәтті орындалды.
Балаларға үйде бізге көмектесетін көптеген құралдар (тоңазытқыш, шаңсорғыш, шәйнек және т.б.) бар екені және олардың электр қуатының көмегімен маңызды жұмыстар атқаратыны түсінікті түрде жеткізілді.
Арнайы назар қауіпсіздік ережелеріне аударылды. Әрбір бала білуі тиіс негізгі ережелер айқын көрсетілді: Электр құралдарын қолды сулап ұстауға болмайды. Электр құралдарын өз бетімен қосуға және сөндіруге болмайды. Розеткалар мен сымдармен ойнауға болмайды.


3-сынып қазақ тілі пәнінен ашық...