"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Күз мерекесі "

Мектепалды сыныбы мен шағын орталықта өткен «Күз мерекесі» балалардың жүрегінде жарқын да жағымды әсер қалдырды.
Балалар мерекенің басты кейіпкері – Күз ханшайымымен бірге ертегідей саяхатқа аттанып, жоғалған күзгі түстерді қайтаруға тырысты.

Саяхат барысында олар Тиінмен кездесіп, «Саңырауқұлақтарды жина» ойыны арқылы оған қысқа азық жинауға көмектесті.
Балалар өлеңдер айтып, әндер шырқап, түрлі ойындар ойнап, тапсырмаларды орындай отырып, күздің бояуларын қайтаруға бар күштерін салды.

Балалардың ынтасы мен көмегінің арқасында Бұлт өз қателігін түсініп, ұрлаған түстерін Күзге қайтарды.
Сөйтіп, мереке қайтадан жарқын түстерге бөленіп, барлық қатысушыларға қуаныш сыйлады.

Мерекенің шарықтау шегі ретінде балаларға алғыс белгісі ретінде дәмді күзгі алмалар таратылды.


Текст