"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ 2 сынып

22 қазан күні «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2-сыныпта дүниетану пәнінен «Қазақстан халқы» тақырыбында сабақ өтті. Сабақты Саликова Светлана Михайловна өткізді.

Қазақстан – түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүретін көпұлтты ел. Сабақтың мақсаты – оқушыларды Қазақстан халқының көпұлтты құрамымен және халықтар бірлігі идеясымен таныстыру, ортақ Отан мен бай мәдениеттің маңызын ұғындыру.

Сабақ барысында оқушылар топпен жұмыс істеп, зерттеу жүргізді, сыныптастарының ұлты туралы кесте толтырды. Иллюстрациялар арқылы Қазақстан халықтарының ұлттық киімдерін анықтады. «Танграм» ойынын ойнап, сұрақтарға жауап беріп, сурет түрінде дұрыс жауапты таңдады.

Сондай-ақ, викторина барысында оқушылар мемлекеттік рәміздер, бірлік, көпұлттылық және Қазақстан халықтарының мәдениеті туралы сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Сабақ бойы балалар интерактивті тақтамен белсенді жұмыс істеді.


Текст