Текст
5 қыркүйекте «Тельман атындағы ЖОББМ» КММ-де Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу аясында жоспарға сәйкес онкүндіктің ашылуы өтті. Мектеп оқушылары Қазақстандағы мерекенің тарихымен, оның зор маңызымен таныстырылды. Мерекенің басты мәні – республикада тұратын барлық ұлттарға деген құрметтің көрінісі, өздерінің төл мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауға, және қастерлеуге, қуғын-сүргінге ұшырамай, өз ана тілінде сөйлесуге мүмкіндік беру – осының барлығы Қазақстанның әр ұлттар үшін туған үй болып келеді. Ал тіл – кез келген халықтың басты байлығы!