22 қазан күні «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігі аясында «Тоқта, сәт, сен қандай ғажапсың!...» атты шығармашылық фотокөрме өтті.
Көрме қоршаған ортаның сұлулығын танып-білуге және оны күнделікті өмірдің қарапайым сәттерінен байқай білуге арналды. Өйткені бір сәтке аялдап, мұқият қарасаң, ең қарапайым нәрсенің өзінен де сиқыр мен сұлулықты көруге болады.
Әр оқушы өз түсінігіндегі сұлулықты көрсете білді. Балалар сұлулықты көру үшін алысқа барудың қажеті жоқ екенін түсінді — ол табиғатта, адамдарда, сүйікті заттарда, яғни дәл жанымызда екенін ұқты.
Фотокөрме қызықты әрі танымдық іс-шара болды, себебі балалар өз сезімдері мен эмоцияларын фотосурет арқылы жеткізуді үйренді. Әрқайсысы өз сыныптастарының көзімен әлемге қарап, айналамыздағы әсемдікті жаңа қырынан тани білді.