2024 жылдың 29 қазанында”Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңіндегі оқушыларды бағалаудың объективтілігі және білім сапасы"тақырыбында педагогикалық кеңесі өткізілді. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі С. М. Саликова педагогикалық кеңестің мақсатын атап өтті: оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша мектептің қызметін талдау және 1 тоқсанның қорытындысымен, үздік оқушылар,оқу екпінділерінін санымен, пәндер бойынша білім мониторингімен таныстырды. Мектепте атқарылған тәрбие жұмысы туралы С. В. Минченкова сөз сөйледі..
Мектеп психологы З. К. Мусина 1,5,10 сынып оқушыларын бейімдеу туралы баяндама дайындады. Мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы Г. М. Саурыкова педагогикалық этиканы сақтау туралы әңгіме өткізді.