Текст
6 қарашада "Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - де Конвенцияның қабылдануының 35 жылдығын тойлау аясында 10-11 сынып оқушылары арасында педагог - психолог З.К. Мусина "Зорлық - зомбылықсыз әлем-біз бірге жеңеміз" тренингінің элементтерімен сабақ өткізді. Мақсаты: Балалардың адам құқықтары, зорлық-зомбылық және оның түрлері туралы білімдерін бекіту және тереңдету. Заңды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдау, өз пікірін қорғау, оқушылардың коммуникативті қабілеттерін дамыту, адамдарға төзімділікке тәрбиелеу.