Текст
19 наурыз Жаңару күні.
Дәстүр бойынша жыл сайын балаларым екеуміз пияз отырғызамыз. Міне, биыл да уақыт келіп,біз пияз отырғыздық!
Терезеде пияз өсіру балалардың қызығушылығы мен байқағыштықтарының дамуына ықпал етеді,бұл өсімдік өмірін жақсы білуге көмектеседі. Балалар өсірілген өсімдіктердің сұлулығына қуанып, өз еңбектерінің нәтижесімен мақтана алады.