Текст
2025 жылдың 18 сәуірінде “Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де 1-сыныпта математика пәнінен “Тиындардың құны” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Минченкова С. В. өткізді.
Оқушылар тиындардың түрлерімен танысып, олардың құнын анықтауды және алған білімдерін тәжірибеде қолдануды үйренді. Олар тақтамен, топпен және жекелей белсенді жұмыс істеді. Сабақ қызықты әрі танымдық сипатта өтіп, балаларға жағымды эмоциялар мен математика пәніне деген қызығушылық сыйлады.