 
                                
             Ұйымдар тізімі
                                
            Ұйымдар тізімі
            
                            
                             
             23.04.2025
                23.04.2025
        "23 сәуір – Ұлттық кітап күні". 
Қазақстанда алғаш рет 2025 жылдың 23 сәуірінде "Ұлттық кітап күні"аталып өтіледі. Осы айтулы күні "Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 1-2 сынып оқушыларына " ертегілерді қаншалықты жақсы білеміз?»атты викториналыққызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұйымдастырылды.
Мерекенің мақсаттары:
- Халық арасында, әсіресе балалар мен жастар арасында оқуға деген қызығушылықты арттыру;  
- Кітап мәдениеті мен ұлттық әдеби мұраны дәріптеу;  
- Авторларды, баспагерлерді және кітапханаларды қолдау;  
- Кітаптың тұлға мен қоғамның дамуындағы маңыздылығына назар аудару.
Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Балалар сұрақтарға қуана жауап берді, ертегілер бойынша жұмбақтар шешті, сүйікті кітаптарын оқыды. Қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар мен ертегілерді оқуға шабыт алды.
Кітап-білім мен қиял әлеміне есік ашатын ең жақсы дос!



