 
                                
             Ұйымдар тізімі
                                
            Ұйымдар тізімі
            
                            
                             
             31.10.2025
                31.10.2025
        31 қазан күні «Атбасар ауданы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Көш көсемі – 2025» атты аудандық мектеп президенттері байқауы өтті.
Байқау 4 кезеңнен тұрды:
1. Бейне форматтағы сайлауалды бағдарлама;
2. «Менің табысқа жету жолым» атты өзін-өзі таныстыру;
3. «Іс жүзіндегі президент» (ойындар, шеберлік сағаттары);
4. Жағдаяттық сұрақтар.
Байқауға 24 қатысушы қатысып, әрқайсысы өздерінің көшбасшылық қасиеттерін, креативтілігін және өзіне деген сенімділігін көрсетті.
Мектебіміздің намысын 11-сынып оқушысы Мусаева Иман абыроймен қорғап, І орынды иеленді! 🎉
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, қолдауы және шабыттандыратын атмосфера қалыптастырғаны үшін балалар мен жасөспірімдер қозғалысының үйлестірушісі Шульгина Ольга Ивановнаға шын жүректен алғыс білдіреміз!



