Текст
2025 жылдың 30 сәуірінде "Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 1 мамырда атап өтілетін Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бір шаңырақ астында"атты шығармашылық фестивалі өтті. Іс-шараға 1-11 сынып оқушылары қатысты.
Әр этникалық топ өздерінің мәдени дәстүрлерін,әндерін,билерін,ұлттық костюмдері мен тағамдарын ұсынды.Фестиваль халықтар достығының,құрметінің және бірлігінің символына айналды.
Соңында достық Ассамблеясы өтті,онда қатысушылар бейбіт өмір сүргені үшін алғыстарын білдіріп,ұлтаралық келісімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.