Текст
“Қауіпсіз дөңгелек” үгіт бригадасы байқауы
2025 жылдың 21 мамырында Атбасар қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп базасында жол қозғалысы ережелері бойынша “Қауіпсіз дөңгелек” аудандық үгіт бригада байқауы өтті.
Бұл байқауда Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің “Бағдаршам” атты ЖЖИ (Жас жол инспекторлары) командасы абыроймен өнер көрсетті.
Қатысушыларға келесі тапсырмалар жүктелді:
– «ЖЖИ– менің отбасым» тақырыбында үгіт бригада қойылымын дайындау,
– ақпараттық буклет ұсыну,
– қазылар алқасының сұрақтарына жауап беру.
Командамызды сертификат иеленуімен құттықтаймыз!
Шығармашылық шабыт,табыс және мектеп өміріне белсенді араласуды тілейміз!