23.05.2025
«Адал азамат» республикалық эссе байқауының қорытындысы
12–20 мамыр аралығында «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Адал азамат» республикалық эссе байқауы өтті. Байқау барлық жастағы оқушыларды қамтыды және келесі тақырыптық бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
• 1–4 сыныптар — «Таза Қазақстан»
• 5–9 сыныптар — «Заң және тәртіп»
• 10–11 сыныптар — «Адал азамат»
Байқаудың мақсаты-оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, құқықтық санасын және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
23 мамыр күні әр жас санаты бойынша үздік эссе авторларына алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды. Жұмыстар терең ойымен, шынайылығымен және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленді.
Бұл байқау өсіп келе жатқан ұрпақтың адал, жауапты және елінің тағдырына бейжай қарамайтын азамат болуға дайын екенін тағы бір рет дәлелдеді.