Текст
2025 жылдың 3 маусымында Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де "Радуга" мектеп жанындағы алаңында жыл сайын 4 маусымда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ақпараттық сағаты өтті.
Іс – шара барысында балалар мемлекеттік рәміздердің-Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы мен Әнұранының тарихымен және маңыздылығымен танысты. Балалар ақпаратты қызығушылықпен тыңдап, викторинаға қатысып, өз елінің рәміздеріне құрмет білдірді.