Текст
20 маусымда "Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де 11-сынып түлектеріне аттестаттар салтанаты түрде табысталды.
Бұл күн балалар өміріндегі маңызды және қызықты оқиғалардың бірі болды - білімге,жаңалықтарға,достық пен армандарға толы мектеп кезеңі аяқталды. Түлектерге мұғалімдерден,ата-аналардан және іс-шара қонақтарынан көптеген жылы сөздер айтылды.
Түлектерімізге өзіне деген сенімділік, шешім қабылдауға батылдық, үлкен мақсаттар мен жарқын жетістіктер тілейміз! Мектепте алған білімдер болашақ жеңістер үшін берік негіз болып, әрқайсысына өз кәсібін табуға көмектессін.