"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуы

13.10.2025

📚 Бастауыш сыныптар онкүндігінің салтанатты ашылуы

13 қазанда «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сыныптар онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Онкүндік «Ең үздік болам десең — көп, көп білуің керек!» деген ұранмен басталды.

Салтанатты сап түзеу барысында бастауыш сынып оқушылары белсенділік танытып, көңілді ойындар ойнады, өлеңдер оқып, жұмбақтар шешті және ертегі кейіпкерлері туралы викторинаға қатысты. Балалардың жүздеріндегі қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй мерекенің көркін аша түсті.

Іс-шара барысында онкүндіктің негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылды. Онкүндік аясында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі байқаулар мен танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Онкүндіктің ашылуы – бұл білім мен шығармашылықты ұштастыра отырып, оқушылардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына жол ашқан ерекше бастама болды.

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст