Текст
23 қазан күні «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ - нің ұжымы мен оқушылары аумақты абаттандыру мен тазалауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты.
Іс-шара барысында мектеп ауласындағы қоқыс пен түскен жапырақтар жиналды. Акция оқушылардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін және өз ауылдарының тазалығына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.