17.10.2022
16 қазан Дүниежүзілік нан күні. Нан – адам өмірінің, денсаулығының, амандықтың белгісі. Нан әрқашан дастархан басына қойылады, асыраушы саналады. Дәл осы тақырып 0-сыныпта өткен «Нан – бәрінің басы» атты әңгімеге арналды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға нанның қайдан келетіні айтылды; кішкене бөлке нан алу үшін қанша жұмыс істеу керек. Әңгімелесу барысында балалар нанның адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат алды, нан өсіру үрдісімен, нанның дастарханымызға қалай келетінімен, нан өсіруге қандай ауылшаруашылық машиналары көмектесетінімен танысты.