20.10.2022
«Тельман ауылының ЖОББМ» КММ-де 17-22 қазан аралығында Республика күнін мерекелеу апталығы өтуде. Осы апталық аясында 2022 жылдың 20 қазанында мектеп қабырғасында «Эрудит» дебат үйірмесіне қатысушылар арасында пікірсайыс турнирі өтті. Қатысушылар «Бұл палата мектеп формасы қажет деп есептейді» деген тақырыпта пікірталас жүргізді. Парламент тарапынан мектеп формасын жақтап, сәйкесінше оппозиция тарапынан қарсы уәждер айтылды. Турнирдің қорытындысы Парламенттің жеңісі болды.