17.11.2022
Штайнбарт Денис Райнгольдович көрсеткен демеушілік арқасында «Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің волейбол командасының мүшелеріне спорттық форма сатып алынды. Біздің спортшылар тамаша ойыны мен жақсы дайындықтарының арқасында аудандық жарыстарға үнемі қатысып, жиі жеңімпаз болып жүр. Бірақ, өздеріңіз білесіздер,адамды киім-кешегімен қарсы алып, көрсеткен еңбеғімен шығарып салады. Сондықтан бұл жаттығулар балалар үшін, мектеп үшін өте маңызды. Денис Райнгольдович қолдау көрсетіп, балаларға деген немқұрайлылығын, олардың спортқа деген құштарлығын тағы да көрсетті. Мектеп әкімшілігі, ұстаздар ұжымы, спортшы-оқушылар балаларға үнемі қолдау, көмек, қамқорлық үшін алғыстарын білдіреді. Еңбектеріңіз жемісті және тұрақты табыс әкелсін, денсаулықтарыңыз мықты болсын,жасаған жақсылық міндетті түрде оралады.