14.02.2023
13 ақпан күні «Тельман ауылының ЖОББ » КММ-де дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Скороход М.И. Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған 5-7 сынып оқушылары арасында көңілді старттар өтті. Жарысқа үш команда қатысты: БТР, БМП, Танкистар. Орындар келесідей бөлінді: бірінші орынды жаяу әскердің жауынгерлік машинасы командасы, екінші орынды танкшілер, үшінші орынды БТР командасы иеленді.