"Ақмола облысы Білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тельмана отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Волейбол

03.03.2023 Волейбол – балалардың сүйікті спорт ойындарының бірі. Бұл оның жастар арасындағы танымалдылығын түсіндіреді. 3 наурыз күні «Тельман ауылының ЖОББМ» КММ-де 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге орай қыздар арасында волейболдан жолдастық турнир өтті. Жарысқа 6 команда қатысты: Полтавка ауылының мектебі, Бастау 2, Шуйский, Мариновка 1, Атбасар қаласының №3 мектебі және Тельман ауылының мектебі. Ойын басталмай тұрып, зал қызу болды. Келген командалар дене шынықтыруда, жаттықтырушылар нұсқаулар мен кеңестер берді. Бойжеткендердің қызу дайындықтары қарсыластар мен жанкүйерлерге ойынның өте салмақты болатынын көрсетті. Шара байқаудың салтанатты ашылуымен басталды: Н.И.Скороход мектеп директорының м.а .сөз берілді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындалды,Тельман ауылындағы мектеп оқушылары, қыздар командаларын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Ережені тыңдаған соң, үстемдік үшін кескілескен күрес басталды. Бәсекелес командалардың барлығы жеңіске ұмтылып, лайықты ойын көрсетті, бірақ ойын – мықтылар жеңетін ойын. Турнирдің көшбасшылары болып «Тельман ауылының ЖОББМ» КММ қыздар командасы 1-ші орынға иеленді, 2-ші орын «Палтавка ауылының ЖОББМ» КММ-не, 3-ші орын «Бастау2 ауылының ЖОББМ» КММ командасына бұйырды. Жеңімпаздар кубоктар, медальдар және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жүлделі орын алмаған командалар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. Демеушілерге, байқауды ұйымдастырушыларға, шараға атсалысқан барлық мектеп қызметкерлеріне, қатысушыларға алғыс айтамыз. Және, әрине, жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бүгінгі кездесу жағымды естеліктермен ұзақ уақыт есте қалсын. Позитивті эмоциялар, тамаша көңіл-күй турнирдің барлық қатысушыларында ұзақ уақыт сақталады.
Просмотров: 164


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст