19.07.2023
2023 жылдың 18 шілде күні білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері мектепке келді. Сапардың мақсаты мектептің оқу жылының басына дайындығын тексеру болды. Жалмуханова Жанылсын Утегеновна мен Есжанова Гульнар Даутовна «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы білім бөлімінің Тельман ауылының ЖББМ» КММ ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарымен таныстырылды.
Мектеп қабаттары мен сынып бөлмелерін қарап шықты. Мектептің контингенті мен материалдық базасы туралы ақпарат алды.