Текст
    
                                
            
                                
            Ұйымдар тізімі
            
                            
                            
            
                03.11.2025
        3 қараша күні «Тельман ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Қауіпсіздік сабақтары» жобасын іске асыру аясында сынып сағаттары өтті. Іс-шаралар интерактивті сабақ түрінде ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар заңның балалардың құқықтарын қалай қорғайтынын білді, Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі баптарын еске түсірді, сондай-ақ құқықтардың бұзылуына қатысты өмірлік жағдайларды талқылады.
Мұндай сабақтар оқушылардың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және өз құқықтарын заңды түрде қорғай білу қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

