Текст
Ұйымдар тізімі
10.11.2025
Біздің IT үйірмеміз — шығармашылық пен білімнің аймағы!
Мектебімізде шағын болса да, өте қызықты IT үйірмесі жұмыс істейді. Бұл үйірмеде оқушылар компьютерлік сауаттылықтың негіздерімен танысып, Paint, 3D және Scratch 3 бағдарламаларында жұмыс істеуді үйреніп, бағдарламалау саласында алғашқы қадамдарын жасайды.
Сабақтарда балалар заманауи технологияларды меңгеріп қана қоймай, логикалық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытып, топпен жұмыс істеуді үйренеді.
Үйірме әр балаға өз күшіне сенуге, әлеуетін ашуға және IT әлеміндегі алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі!
Үйірме жетекшісі: Алиева Л.С.

